Алматы мемлекеттік табиғи қорығы 1931 жылғы 6 мамырда Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің арнайы қаулысымен Кіші Алматы орман алқабында ресми түрде құрылды. Биыл еліміздің ең көне табиғат қорғау мекемелерінің бірі — Алматы қорығына 95 жыл толып отыр.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен ғылыми конференция онлайн форматта өтті.
ҚР ЭТРМОШЖДК Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысы Меирбеков Бексұлтан Нұрланұлы мерейтоймен құттықтап, қорық ұжымының табиғатты қорғау ісіндегі еңбегіне жоғары баға берді.
Конференцияда қорықтың ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері өз баяндамаларын ұсынып, ғылыми зерттеу жұмыстары мен мониторинг нәтижелерімен бөлісті.
Іс-шараға табиғат қорғау және ғылым саласының мамандары қатысып, өз тәжірибелерімен алмасты:
- Джунуспаев Бауржан Сабырұлы - Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы сирек кездесетін сүтқоректілерді қорғау мәселелері»
- Наурозбаева Жанар Қуанышевна - PhD , «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Аймақтық климаттық өзгерістер зертханасының жетекшісі, «Алматы қорығы экожүйелерінің трансформациясы және климаттық көрсеткіштердің динамикасы: ретроспективті талдаудан 2100 жылға дейінгі болжамдарға дейін»
- Баспақова Гаухар Рахметуллаевна - PhD, А.А. Тұрсынов атындағы су ресурстары зертханасының аға ғылыми қызметкері «Талғар және Есік өзендерінің қазіргі су режимі»
- Александр Кокарев – г.ғ.к., ЮНЕСКО қамқорлығындағы 2-санаттағы Орталық Азия аймақтық гляциологиялық орталығының қар және мұздық ресурстары динамикасын мониторинг жүргізу зертханасының меңгерушісі «Қазақстандағы мұздықтардың динамикасы» .
- Садырова Гульбану Ауесхановна - б.ғ.д, ЮНЕСКО-ның тұрақты даму жөніндегі кафедрасының өкілі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, «Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы сирек және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерінің биоалуантүрлілігін сақтау: таралу ерекшеліктері және қорғау шаралары».
- Төрехан Аддина Нұрболатқызы - Нархоз университетінің магистрі, «Климаттың өзгеруі жағдайында Алматы қорығының флорасы: экологиялық мәселелер және сақтау стратегиялары»
Конференция барысында қатысушылар экологиялық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, мұздықтарды зерттеу, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи экожүйелерді қорғау мәселелері бойынша маңызды пікірлер мен ғылыми ұсыныстарын ортаға салды.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті