Тіліңізді таңдаңыз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында «Тірі планета: биоалуантүрлілікті сақтау – тұрақты болашақтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасы мен География және табиғатты пайдалану факультетінің Экожүйелер мен биоалуантүрлілікті қорғау жөніндегі Орталық Азия–Герман институты ұйымдастырды.

Кездесу аясында Қазақстандағы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерді қорғау бағытындағы өзекті мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда:

  • жабайы қызғалдақтарды сақтау;
  • қар барысын қорғау және оның популяциясын мониторингтеу;
  • сиверс алмасы секілді бірегей генетикалық ресурстарды сақтау мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы мемлекеттік табиғи қорығының Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің териологы Сайлауханұлы Аманбол қатысып, «Қар барысы – негізгі түр ретінде: Алматы қорығындағы мониторинг және қорғау нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шара барысында биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері жан-жақты талқыланып, ғылым мен тәжірибе арасындағы өзара байланыс нығайтылды.