Күздің алғашқы айында Алматы облысының таулы-далалы аумақтарында өрт қаупі жоғары кезең әлі де жалғасуда. Осыған байланысты «Қазавиорманқорғау» РМҚК Алматы авиабөлімі мен Алматы мемлекеттік табиғи қорығының мамандары қорық аумағында бірлескен әуе бақылау жұмыстарын жүргізді.
Бақылау барысында орман және таулы аумақтардың жағдайы әуеден қадағаланып, өрт қаупі жоғары учаскелерге ерекше назар аударылды. Мұндай бірлескен іс-шаралар табиғи аумақтарды өрттен қорғауға, өрт ошақтарын дер кезінде анықтауға және төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әуеден жүргізілген бақылау қорық аумағындағы табиғи кешендердің жай-күйін бағалау, жануарлар дүниесінің таралу аймақтарын бақылау және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті деректер жинау үшін де маңызды.
«Қазавиорманқорғау» РМҚК мен Алматы мемлекеттік табиғи қорығы арасындағы бірлескен жұмыстар табиғи аумақтарды қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ғылыми мониторинг жүргізу бағытында алдағы уақытта да жалғасын табады.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті