Тіліңізді таңдаңыз

2026 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жұмыс сапары барысында Алматы мемлекеттік табиғи қорығына келді.

Сапар аясында министр қорық ұжымымен кездесіп, табиғатты қорғау, ғылыми-зерттеу және экологиялық ағарту бағытындағы жұмыстармен танысты. Қорық қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, бөлімдердің атқарып жатқан жұмыстары таныстырылды.

Ерлан Нысанбаев Табиғат мұражайын аралап, Солтүстік Тянь-Шаньның биоалуантүрлілігін көрсететін экспозицияларды тамашалады. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударып, өртке қарсы техника мен құрал-жабдықтардың жай-күйімен танысты.