Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері бірлесіп «Таза өзен жағалауы» экологиялық акциясын Талғар өзенінің бойында ұйымдастырды.
🏔️Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағы арқылы ағып өтетін Талғар өзені өзінің мөлдірлігімен және тазалығымен ерекшеленеді. Әсіресе, өзеннің төменгі ағысында орналасқан тұрғындар үшін оның маңызы зор, себебі Талғар өзені – олардың негізгі әрі жалғыз ауыз су көзі.
Акция барысында өзен жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, табиғатты қорғауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – су ресурстарының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және жастардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Нәтижесінде:
♻️ 1 тонна қоқыс жиналды;
👤 200-ге жуық адам қатысып, жоғары белсенділік танытты.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті