27 шілде күні Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Өрт – табиғаттың жауы: жас ұрпаққа экологиялық тәрбие» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында қорық қызметкерлері орман мен дала өрттерінің өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, топыраққа және жалпы экожүйеге тигізетін кері әсері туралы кеңінен әңгімеледі. Қатысушыларға өрттің негізгі себептері, оның ішінде адамның ұқыпсыз әрекеттерінен туындайтын өрттердің қауіптілігі түсіндіріліп, табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі айтылды. Танымдық әңгімелер мен сұрақ-жауап арқылы қатысушылар өз білімдерін толықтырды.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті