Тіліңізді таңдаңыз

2026 жылғы 19 наурызда Алматы қаласында, @kaznaru_official базасында, Жаңару күні мен Халықаралық волонтерлер жылы аясында биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық семинар өтті.

Ұйымдастырушылар: @ayalaulttyqpalatasy, @baytaq_almaty, серіктестік қолдау көрсеткен – @kaznaru_official.

Семинар ғалымдар, экологтар, мемлекеттік құрылымдар және қоғамдық ұйымдар арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Іс-шара барысында жабайы табиғатты қорғау саласындағы заманауи сын-қатерлер, ғылыми мониторинг, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рөлі, табиғатты пайдаланудың тұрақты үлгілерін дамыту және аңшылық шаруашылықтарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Семинардың ашылуында кіріспе сөз сөйлегендер:
Алматы қалалық филиалының Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы @baytaq_jasyldar_partiyasy – @alma_qarash және ҚазҰАУ-дың «Орман ресурстары, аңшылық шаруашылығы және аквакультура» кафедрасының профессоры @lessfak_kaznaru – @mukhtarbaibatshanov.

Модератор:
«AYALA» аңшылар мен балықшылар ұлттық палатасының атқарушы директоры – @steppedaddy.

Іс-шара спикерлері:

  • Биғазинова Жанерке Жанболатқызы @almaty.bioreserve
  • Усербаева Салтанат Амантаевна @ile_alatau_nationalpark
  • Букенова Эльмира Абаевна
  • Гумирова Ольга Николаевна @kazakhstanstranapetroglifov
  • Акоев Мұхит Тұрсынханович @ohotzooprom.kz
  • Әділжанов Тлек Бауыржанұлы @qnp.kz

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасып, Қазақстанның табиғи мұрасын сақтау және экологиялық мәдениетті дамыту бойынша ұсыныстар қалыптастырды.